
Жүргізіліп жатқан пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ны міндетті ресімдеу енгізіледі.
Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығына қол қойылды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына өзгерістер енгізуді көздейді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №1104 бұйрығына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда пилоттық жоба шеңберінде ТІЖ жазып беру жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі кеңейтілді.
Мәселен, 2023 жылғы 10 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін және әкетілетін тауарлар бойынша пилоттық жоба шеңберінде ТІЖ мынадай тауарлар атаулары бойынша жазылады: бидай және меслин (басқасы), тұқымдық емес, тұқымдық жұмсақ бидай және меслин, өзге де қатты бидай (басқасы), бұршақ, тұқымдық қарабидай, жарма және бидай ұны, өзге де дәнді дақылдар, күнбағыс тұқымдары, себуге арналған жемшөп өсімдіктерінің тұқымдары, електен өткізуден, ұнтақтаудан және басқа да өңдеу тәсілдерінен қалған өзге де дәнді дақылдар, түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген, өнеркәсіптік мақсаттарға арналған казеин, иіруге ұшырамаған мыжылған немесе түтілген зығыр. 2023 жылғы 10 ақпаннан кейін тауарлардың осы атаулары бойынша пилоттық жоба шеңберінен тыс ТІЖ-ны міндетті түрде жазып беру басталады. Басқа тауарлық позициялары бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, бұл ретте ЕАЭО елдерімен өзара саудадағы импорттық-экспорттық операциялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу мерзімін ауыстыру көзделмеген. ТІЖ міндетті ресімдеу күшіне енген кезде ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ -дағы мәліметтердің нақты тасымалданатын жүкке сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, атауының сәйкес келмеуі, ТІЖ-да тауарлар санының (көлемінің) дұрыс көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
Түсіндіру жұмыстары басқармасы