
2022 жылғы 08 қарашада ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Татубаев Шығыс Қазақстан облысы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында «Қандай жағдайларда үшінші тұлғаларға қатысты жоспардан тыс салықтық тексерулер тағайындалады» тақырыбында сөз сөйледі.
Баспасөз конференциясы аясында Ерік Татубаев үшінші тұлғаларға қатысты жоспардан тыс салықтық тексерулер қандай жағдайларда тағайындалатынын және аталған процедура қалай жүргізілетінін айтты.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясына қатысушыларды өтініштер мен шағымдармен жұмыс істеу кезінде жиі кездесетін негіздемелермен таныстырды.
Ерік Татубаев тексерулердің негізгі түрлеріне тоқтала отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде тексерулер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері болған кезде тағайындалатынын атап өтті.
Басшының орынбасары иесі көрсетілмеген арыз түскен жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейтінін атап өтті. Егер барлық келтірілген дәлелдер мен құжаттар өз растауын тапса және бұзушылықтар анықталса, онда салық органы салықтық тексеру жүргізер алдында салық төлеушіге осы бұзушылықпен келісу немесе келіспеу туралы өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
Толығырақ келесі сілтеме арқылы білуге болады: https://fb.watch/gGTgakciJ6/