Өскемен қаласының кәсіперелерін цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуді үйретті

Өскемен қаласының кәсіперелерін цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуді үйретті

7 қарашада Тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, темекі өнімдерін көтерме-бөлшек сатуды жүзеге асыратын өңірдің салық төлеушілерінің қатысуымен цифрлық таңбалау жүйесінде оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында қатысушыларға тауарды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі дегеніміз не, онымен қалай жұмыс істеу керек, жүйенің қандай артықшылықтары бар екені түсіндірілді.

Іс-шараның модераторы ретінде ШҚО бойынша МКД, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы, Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы – Азамат Кнасилов, спикерлер ретінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың Бірыңғай операторының тауар тобының менеджері – Лейла Мұстафина, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың Бірыңғай операторының бизнес – талдаушысы – Наталья Малахова сөз сөйледі.

Бірыңғай оператор өкілдері цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуді және бизнеске арналған «Naqty Sauda Akt» мобильді қосымшасын пайдалануды үйретті, оның көмегімен компьютерді пайдаланбай-ақ құжаттарды қабылдап, растауға болады.

Семинар барысында «Автоматты түрде жүйеден шығару» сервисі таныстырылды, оның көмегімен кәсіпкерлер  «Темекі өнімдері» тауар тобында таңбалау кодтарының автоматты түрде шығарылуымен оңайлатылған функционал арқылы қабылдау - беру актілерін растайды.

ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да цифрлық таңбалау DataMatrix екі өлшемді кодының көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер тауарға кодты қолданады, ал тұтынушылар оны Naqty Onim  қосымшасының көмегімен сканерлей алады.

Барлығы цифрлық таңбалау экожүйесінде үш мобильді қосымша бар:

  • Naqty Onim  тұтынушыға таңбаланған өнім туралы барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді;
  • Naqty Sauda Kassa  2D сканерін сатып алу мүмкіндігі жоқ бөлшек сауда үшін жасалған;
  • Naqty Sauda Akt  қабылдау-тапсыру актілерін растауға және қабылдамауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Бірыңғай оператор Қазақстанның IT-қауымдастығын бизнеске барынша ыңғайлы және бейімделу үдерісін жасау үшін цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп дамытуға шақырды. Қазіргі уақытта IT компанияларымен кездесулер өткізіліп, жүйені біріктіру жоспарлары әзірленуде.

Семинардың екінші бөлімінде салық төлеушілер тақырып аясындағы өзекті сұрақтарын қойды, спикерлер барлық сұрақтарға толыққанды жауап берді.