
Қазақстан Республикасы 2015 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірді. Қазақстанның ЕАЭО-ға мүшелігінің негізгі міндетемелері болып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына төмендетілген мөлшерлемелер бойынша импортталған тауарлардың ағынынажол бермеу болып табылады.
Қол қойылған Бурабай хаттамасына(2015 жылғы 16 қазандағы) сәйкес Қазақстан өздеріне қатысты кедендік әкелу баждары неғұрлым төмен қолданылуы мүмкін тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды есепке алу жүйесін құру бойынша міндеттемелер алған.
Қазақстан Республикасынан тізілімдегі тауарлардың дұрыс қозғалуын бақылау мақсатында аумақтық мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКО) мөрімен куәләндырылатын, сондай ақ кеден декларациясының көшірмесіменсүйемелденетін (бұрын үшінші елдерден ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша әкелінген тауарларды өткізу кезінде), немесе шығу тегі туралы сертификаттар (Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды өткізу кезінде), немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің көшірмесі (бұрын басқа мүше - мемлекеттерден әкелінген тауарларды өткізу кезінде)ЭШФ-ның қағаз көшірмесі рәсімделеді.
Сонымен қатар, электрондық шот фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) Тауарларға арналған жол жүру жүк құжаты (бұдан әрі – ТЖК) негізінде экспорттық ЭШФ жазып беру кезінде автоматты режимде қалыптасатын «Қадағалану паспорты» (бұдан әрі – Паспорт) модулі әзірленіп, жұмыс істейтінін хабарлаймыз (Тізілімдегі тауарлар бойынша). Аталған тетіктер кәсіпкерлік субъектілері үшін байқалмай фондық режимде жұмыс істейді және қосымша міндеттемелерді жүктемейтіндігін назарыңызға саламыз.
Модуль 4 дәліз бойынша құжаттарды дайындайды, олар: тауардың шығу түріне және оның тарихына байланысты жасыл, көк, сары, қызыл болып бөлінеді.
Паспорттың жасыл, көк және сары дәліздеріне түскендержүйелік ЭЦҚ-ға қол қоя отырып, жүйе автоматты түрде куәландырады және экспорттық ЭШФ жазылғаннан кейін ЭШФ АЖ кәләндырылған мәртебесін береді.Ағымдағы уақытта көрсетілген дәліздер бойынша қағаздағы ЭШФ куәләндыруды МКО-ның қызметкерлері жеделдетілген тәртіппен жүзеге асыратынын айта кетуіміз қажет.
Паспорттың қызыл дәлізіне түскендерді МКО-ның аумақтық қызметкерлеріқолданыстағы тәртіп бойынша, яғни ақпараттық жүйені қолданушыларға Паспорт бір күн ішінде куәләндырады және қандай да бір қосымша әкімшілік бақылау шараларын қажет етпейтіндігін хабарлаймыз.
Паспортты қолдану келешекте қағазда (мөрлеу) куәләндырудан бас тартуға мүмкіндік береді, себебі осы туралы құжаттардың мәліметтері электрондық түрде қол жетімді болады. ТЖҚ мәліметтері негізінде ЭШФ Паспортын қалыптастыру куәләндыру рәсімін жеңілдетеді және қағазбастылықты болдырмайды.
Жоғарыдағылардың негізінде, экспортқа құжаттарды рәсімдеу тәртібін жеңілдету мақсатында ТЖҚ рәсімдеу және олардың негізінде ЭШФ жазу ұсынылады.