Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу тәртібі

Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу тәртібі

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының назарына келесі ақпаратты жеткізеді.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (СЭҚҚ) немесе үшінші тұлғалардың кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуі екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ төлем құжаттарында тауарларды шығару орны бойынша төлем жүргізетін резидент емес жеке тұлғалардың жағдайларын қоспағанда, төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кірістер органының деректемелерін көрсете отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар кедендік және салықтық төлемдерді төлеген кезде төлем құжатының төлем мақсатында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жүргізілетін төлеушінің толық атауы, сондай-ақ оның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН қосымша көрсетіледі.

Кеден және салық төлемдерін төлеу Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының тиісті кіріс коды (БСК) бойынша жүргізіледі. 

Салық төлеушілерге кеден және салық төлемдерін уақтылы және жылдам төлеу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп терминалдар (қолма - қол ақша) және post-терминал (карталық шот болғанда) арқылы онлайн-төлемдерді жүзеге асыру тетігі іске асырылды.

Төлемді төлеу мен «Астана-1» АЖ-дан ақпарат алу арасындағы орташа уақыт 10-20 минутты құрайды.

Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс аудару үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының БСН-ін ұсынамыз.

 

Шығыс Қазақстан облысы

1802     990840001328    Катонқарағай ауданы бойынша МКБ 

1803     991040001551    Глубокое ауданы бойынша МКБ 

1804     991240001498    Зайсан ауданы бойынша МКБ 

1806     991040001563    Күршім ауданы бойынша МКБ 

1810     990840001318    Тарбағатай ауданы бойынша МКБ 

1811     990940001212     Ұлан ауданы бойынша МКБ 

1812     991140001781     Шемонаиха ауданы бойынша МКБ 

1813     000840001333     Алтай ауданы-Алтай қаласы  бойынша МКБ

1814     980340001050     Риддер қаласы бойынша МКБ

1816     991040001526     Өскемен қаласы бойынша МКБ

1824    220740045139      Самар ауданы бойынша МКБ