
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 30 қыркүйектен бастап «Көмірді әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 514 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді, тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін: тозаң түрдегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 2701) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгендігін хабарлайды.