2022 жылдың 25 тамызынан кешіктірмей келесі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеңіз :
- Төлем көзінен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, ӘА, МӘСЖ);
- Оңайлатылған декларация АСР бойынша жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, ӘА, МӘСЖ) 2022 жылдың 1 жартыжылдығына;
- Бөлшек салық арнаулы салық режимі бойынша;
- Арнайы мобилді қосымшаны пайдалану арқылы арнайы салық режимі бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, ӘА, МӘМС);
- Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер;
- Төлем көзінен корпоративтік табыс салығы;
- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
- Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;
- Қалааралық және(немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;
- Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем.