АҢДАТПА

АҢДАТПА

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Сіздерді "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заң жобасының негізгі ережелерін талқылау бойынша өтетін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Конференция 15 тамыз күні сағат 10:00-де, Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 76, ("Қазақстан-Американдық еркін университеті" ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.

Іс-шарада Заң жобасын әзірлеуге қатысатын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері сөз сөйлейді. Сіздің тікелей қарым-қатынас форматында жобаның негізгі ережелері туралы білуге, жеке тұлғаның банкроттығы туралы көкейіңіздегі сұрақтарды қоюға мүмкіндігіңіз болады.

Іс-шараға алдын ала тіркелу үшін мына телефон нөміріне хабарласыңыз:
Өскемен қ., 8 (705)5004464-Уалибекова Сайран, тіркеу 12.08.2022 жылы сағат 15:00-де аяқталады.