
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер декларацияны (910.00-нысан) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына 2022 жылда бірінші жартыжылдық үшін 15 тамыздан кешіктірмей табыс етеді. (25 тамыздан кешіктірмей салықтарды төлейді).
Бұл ретте, жұмыскерлердің табысынан жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді ай сайын, табыстарды төлеген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүргізетінін атап өту қажет.
Жалпы, 910.00 нысанындағы салық есептілігін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ұсынуы қажет.
Салық есептілігін тапсыруды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береміз.
СЕӨС клиенттік қосымшасымен және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасымен жұмыс кезінде үлкен жүктемеге байланысты, қолданушыларға салық есептілігін табыс ету процессін қиындатады.
Декларацияны ұсыну тәсілдері: