Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық қарым-қатынас жүйесінде ежелгі заманнан келе жатқан құбылыс. Тарихи процестің барысында, бұл құбылыс әрдайым өзгеріп, саяси және экономикалық тәртіптің күрделенуіне байланысты, оның жаңа түрлері айқындалуда. Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық бүкіл мемлекеттерде күрделі және өзекті мәселе болуда.

Сыбайлас жемқорлық (латын тілінен - corruptio – бүліну, параға сатып алу) – қылмыс,  жеке баю мақсатында лауазымды тұлғалар өздеріне берілген  қызметтік құқықты пайдалану.

Сыбайлас жемқорылқпен қүрес – бүкіл қоғамның ісі.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың түйінді бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру айқындалған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс кимыл шарттарының біріне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту жатады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстантықтың азаматтық ұстанымы, ал адалдықпен параға сатылмау – мінез-құлық ережесі болу керек.

Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде ұғынып, қабылдамау, біздің қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болмай, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы табанды төзімділікпен, оны жария түрде даттау қажетті нәтижесін бермейді.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетің жоғарлатуға байланысты үлкен жұмыс  бүкіл халықты,  олардың жасына, әлеуметтік мәртебесіне, мектепке дейінгі, мектеп, арнайы орта, жоғары  білім жүйесіне, бүкіл мекемелердін  меншік түріне қарамастан қамтиды. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық халықтың құқықтық сауатсыздығынан болуына байланысты, осы бағытта кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы жоспардың іс шарасы білім беру және ақпараттандыру сипаттамасында болды.                       

Әрбір азамат, күнделікті белсенді азаматтық ұстанымды көрсетумен, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастыруға ықпал жасайды.