Тұлғалардың кедендік транзит кедендік рәсімін бұзған кездегі жауаптылығы

Тұлғалардың кедендік транзит кедендік рәсімін бұзған кездегі жауаптылығы

 «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 234-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған барлық тауарлар және оларға арналған құжаттар тауарларды жеткізу орнына жеткізілмеген кезде тасымалдаушы, өзінің осындай кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табыла ма, жоқ па екеніне қарамастан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде міндеттер орындалмаған өзге де жағдайларда, оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігі жеткізілмеген жағдайда, осы Кодекстің 230-бабында көрсетілген тұлғалар аумағында бұзушылықтар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде тасымалдаушының міндеттерді орындамағаны үшін теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде не егер тауарларды беру Қазақстан Республикасының теміржол тасымалдаушылары арасында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының көлік туралы заннамасында белгіленген тәртіппен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға қабылдаған теміржол тасымалдаушысы жауаптылықта болады.                                                                                    

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген теміржол тасымалдаушысы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде өз міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

«Бақты» кеден бекетінің бас маманы

Ғ. Нургалиева