Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады.          2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей салық есептілігінің мынадай нысандары табыс етілсін және салықтар төленсін:

- 328.00 нысаны - Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініші 2022 жылдың сәуір айына;                                                          -851.00 нысаны - Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есебi (олар бойынша 2022 жылғы сәуірде уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасалған немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алынған болса).

2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей:

- 2022 жылғы сәуірде ЕАЭО шеңберінде импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу;

- Акциз, оның ішінде 2022 жылғы сәуірдегі ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша төлеу.

 

Салық есептілігін тапсыруды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береміз.

СЕӨС клиенттік қосымшасымен және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасымен жұмыс кезінде үлкен жүктемеге байланысты, қолданушыларға  салық есептілігін табыс ету процессін қиындатады.