
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап барлық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін және ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін өсті.
Осыған байланысты, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 3 180 теңге АЕК-тің жаңа мөлшері жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу, экологиялық төлемдерді есептеу үшін ғана қолданылады.
Айыппұл санкциялары, салықтар және басқа да төлемдер үшін ҚР заңнамасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген 3 063 теңге мөлшерінде АЕК қолданылатын болады.