БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

 

Алкоголь өнімінің айналымы саласында тағы да заң бұзушылық әшкереленді

 

Өскемен қаласы                                                                                                   6.05.2022 г.

 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департамента алкоголя өнімдері нарығы субъектілерін тексеру іс-шараларын жалғастырды. Кезекті тексеру барысында Өскемен қаласының көтерме қоймаларының бірінде әртүрлі өндірушілердің алкоголь өнімдері мен атауындағы 49000 бөтелкеден астам мөлшерде өнімді заңсыз сақтау анықталды (арақтар: "Qulan", "Пшеничная", "Хаома", коньяктар: "Қазақстан", "Sikvaruli" "Грузинский", шараптар: «Алазанская долина», «Мускат», «Советское Шампанское»).                                                                                        

Естеріңізге сала кетейік, "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін одан әрі көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу мақсатында сақтау лицензия негізінде жүзеге асырылуы тиіс.                    

Алынған алкоголь сынамалары сараптамаға жіберілді. Тексеру материалдары ШҚО Экономикалық тергеу департаментіне процесслдық шешим қабылдау үшін тапсырылды.                                                         

Қысқа уақыт ішінде бұл Өскемен қаласындағы алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының екінші жағдайы. Сәуір айында тексеру барысында тек сақтау фактісі ғана емес, сонымен қатар алкоголь өнімдерін заңсыз түрде дайындау фактісі анықталған.