"Майқапшағай" кеден бекеті қырағылықты жоғалтқан жоқ

"Майқапшағай" кеден бекеті қырағылықты жоғалтқан жоқ

2022 жылдың ақпан айында COVID-19 бойынша шектеулерге байланысты екі жылдық үзілістен кейін ШҚО бойынша МКД "Майқапшағай" кеден бекеті өз қызметін қайта бастады.

Жұмыстың бірінші айы бекет кеденшілері кәсібилігін жоғалтпағанын көрсетті-толық емес тоқсанның қорытындысы бойынша кедендік тексерулердің тиімділігі 60% құрады.

Ал ағымдағы жылдың сәуір айында ШҚО бойынша МКД қызметкерлерімен контрабандалық әрекеттің алғашқы резонанстық фактісі анықталды.

Кеден қызметкерлерінің назарын мобильді инспекциялық-тексеру кешенін (МИТК) қолдана отырып, бақылау нәтижелері бойынша анықтаған автокөлік құралдарының суреттері аударды.

Тереңдетілген кедендік тексеру барысында 65 дана мөлшерінде "Қаруға арналған оптикалық нысаналардың" 5 түрі анықталып, ұсталды, олар кедендік ресімдеуге мәлімделмеген.

Бұл автокөлік құралы Еуропаға транзитпен бағытталған және еуропалық мемлекеттердің бірінің кеденшілерінің осындай ерекше тауарды анықтауы қазақстандық кеденнің имиджіне айтарлықтай нұқсан келтіруі мүмкін болар еді.

Қазіргі уақытта ұсталған тауардың үлгілері кедендік сараптамаға жіберілді.

 

ШҚО бойынша МКД