
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 31 наурызында салық есептерінің келесі нысандарын ұсыну мерзімінің аяқталатынын еске салады:
6) Тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация 2021 жылға 912.00 нысаны;
7) Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация бойынша 2021 жылға 920.00 нысаны;
8) Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 2021 жылдың 4 тоқсанына 101.04 нысаны;
9) Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларация 150.00 нысандары бойынша 2021 жылға.
Салық есептілігін тапсыруды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береміз.
СЕӨС клиенттік қосымшасымен және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасымен жұмыс кезінде үлкен жүктемеге байланысты, қолданушыларға салық есептілігін табыс ету процессін қиындатады.
E-Salyk Azamat мобилді қосымшасы 240.00, 700.00 салық есептіліктері нысандарын тапсыру бойынша сіздің көмекшіңіз.
ШҚО бойынша түсіндіру жұмысы басқармасы