
2021 жылғы 20 желтоқсанда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының № 85-VII Заңына және мынадай негізгі өзгерістерді көздейтін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды:
ҚҚС төлеушілердің қызметтерін тоқтату тәртібін оңайлату
Салық кодексінің 59 бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 66-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына өзгертулер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Салықтық есептіліктің деректеріне сәйкес талап қою мерзімі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүргізбеген ҚҚС төлеушілерге таратылудың жеңілдетілген тәртібін қолдану көзделген.
Бақылау-касса машиналарын қолдану
Салық кодексінің 165-бабын 1) тармақшамен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Ақшалай есеп айырысулар» ұғымына, оның ішінде мобильді төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар да енгізіледі.
Мобильді төлемдер арқылы жүзеге асырылатын тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн-БКМ қолдану мақсатында.
«Мобильді төлемдер» ұғымы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 41-1) тармақшасымен енгізілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабы кәсіпкерлік субъектілері үшін тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін банктік шотқа қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған ағымдағы банктік шотты пайдалану міндетін көздейтін 3-1) тармақшамен толықтырылады.
Салықтық есептілікті ұсыну
Салық кодексінің 208-бабы 9-тармағын жаңа абзацпен толықтыру (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Түзетулер салық агентінің бейрезиденттің табысының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектілері болмаған кезде салық есептілігін ұсынбау құқығын көздейді.