Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу нормалары

Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу нормалары

Бүгінгі таңда халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін, сондай ақ кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар нормалары 200 еуро және 31 кг құрайтынын еске саламыз (2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының Шешім). Бұл ретте, бір жеке тұлғаның мекенжайына тауарлардың өткізу жиілігі (күнтізбелік 1 айдың ішінде) есепке алынбайды.

Жоғарыда көрсетілген нормалар тек жеке пайдалануға арналған тауарларға ғана қолданылатындығын назарға алу керек. Жоғарыда көрсетілген нормалар жеке пайдалануға арналмаған ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өткізетін және кәсіп қызметінде пайдалану үшін әкелінген тауарларға қатысты пайдалынбайды. Осындай тауарлар ЕАЭО кеден шекарасы арқылы жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен өткізуге жатқызылады.