Бақылау касса машинасын (БКМ) қолдану

Бақылау касса машинасын (БКМ) қолдану

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

Ақшалай есеп айырысулар - қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.

БКМ қолдану кезінде БКМ чегін немесе тауар, жұмыс, қызмет үшін төленген сомаға тауарлық чек беру жүзеге асырылады.

Егер салық төлеуші тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеуді қолма - қол ақшамен, төлем карточкаларын пайдалана отырып немесе QR-код арқылы жүргізсе  БКМ қолдануы тиіс және чек беруі қажет.

Егер салық төлеуші төлемді қолма-қол ақшасыз тәсілмен, яғни банктік шотқа аудару жолымен жүргізсе, БКМ қолдану бойынша міндеттеме туындамайды.

2022 жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілері үшін тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін банктік шотқа қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған ағымдағы банктік шотты пайдалану міндетін көздейтін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабы 3-1) тармақшамен толықтырылатындығын мәлімет үшін жеткіземіз.