Салық берешегі туралы анықтаманы екі тәсілмен алуға болады

Салық берешегі туралы анықтаманы екі тәсілмен алуға болады
  1. Салық төлеушінің кабинеті арқылы («Cabinet Salyk.kz»)

-"Салықтық өтініш" бөлімін таңдаймыз

-  "Салық берешегі" бөлімінде (Мемлекеттік кірістер органдарында (МКО) жүргізілетін есебіне берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алуға сұрау салу)

 

-Толтыру және МКО жіберу

- Анықтама алу үшін "салықтық өтініштер" бөліміне кіру керек, сосын сүзгілерде кезеңді тереміз, егер анықтама өңделсе "әрекет" жолында "ақпарат"сілтемесі пайда болады.

 

  1. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (Egov.kz)

-Порталға ЭЦП кілтпен кіру авторизациялаудыру және "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өту.

 -Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек)

- Жеке кабинетте "Қызметтерді алу тарихы"бөлімінде

-Өңделген анықтамамен танысыңыз.

 Қызмет көрсету мерзімі сұрау салу түскен күннен бастап 1 жұмыс күні.