"АСТАНА-1" АЖ-де декларацияларды тапсырудың дербес мүмкіндігі

"АСТАНА-1" АЖ-де декларацияларды тапсырудың  дербес мүмкіндігі

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті автокөлік құралдары бөлігінде "Көлік құралдарына арналған кедендік декларация" (бұдан әрі - КҚКД) және "Астана - 1" ақпараттық жүйесінде "Жолаушылар кедендік декларациясы" (бұдан әрі-ЖКД) модульдерін жаңғырту бойынша, декларанттарға жоғарыда көрсетілген декларацияларды өз бетінше тапсыру мүмкіндігін беру бөлігінде жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты "Астана-1"АЖ-де КҚКД және ЖКД дербес тапсыру мүмкіндігі бар екендігін тағы да еске саламыз.

Көрсетілген декларацияларды өз бетінше тапсыру мүмкіндігі туралы ақпаратпен сілтеме бойынша өтіп танысуға болады. 

https://www.instagram.com/p/CPAZLBFLKda/?utm_source=ig_web_copy_link