
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуға және салық мәдениетін арттыруға бағытталған шолып тексеру жүргізумен салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба жұмыс істейтіндігін хабарлайды.
Пилоттық жоба шеңберінде жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумағында ҚР-да көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер, кәсіпкерді сатып алушылармен сәйкестендіру үшін қажетті штрих-кодты (QR-код) алуы тиіс және БКМ орналасқан жерлерде орналастырылады.
Осыған байланысты, фискалдық чек берілмеген, төлем картасымен тауарлар үшін төлемді қабылдаудан бас тартылған, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда сатып алушы ұялы телефонның көмегімен QR-код бойынша есептелген пилоттық жобаның қатысушысы туралы деректерді пайдалана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына шағым жолдауға құқылы.
Мемлекет басшысының өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін мораторий қолдану кезеңінде жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін 2021 жылғы 20 қазаннан бастап «Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет» акциясы қайта басталды.
Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.
Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.
Түсіндіру жұмысы басқармасы