
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 232-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), межелі кеден органы құжаттардың берілуін тіркегеннен кейін декларант тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды:
1) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты – межелі кеден органы құжаттардың берілуін тіркегеннен кейін кеден органының жұмыс уақытының сегіз сағатынан кешіктірмей;
2) су, әуе кемелері немесе теміржол көлігі пайдаланылып тасымалданатын тауарларға қатысты – халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процесінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде, бірақ көлік құралы тауарларды жеткізу орнына келген кезден бастап межелі кеден органының келесі жұмыс күні аяқталған уақыттан кешіктірмей жасауға міндетті.
Кеден органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдер өткен кезден бастап кеден органының үш сағат жұмыс уақыты ішінде декларант көзделген кедендік операцияларды жасамағаны туралы еркін нысандағы хабарламаны тасымалдаушыға жібереді.
Декларант көзделген кедендік операцияларды жасамаған жағдайда, тасымалдаушы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдер өткен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жасауға міндетті.
Тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды осы баптың 1-тармағына сәйкес жасау кезінде декларант осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды:
1) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларацияны кері қайтарып алуға кеден органының рұқсатын;
2) осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы кеден органының шешімін;
3) осы Кодекстің 201-бабына сәйкес тауарларды шығарудан бас тартуды алған кезден бастап үш сағат ішінде жасауға міндетті.
Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде өздеріне қатысты осы бапта белгіленген кедендік операциялар жасалмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және осы Кодекстің 385-бабының 4-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кету орнында кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде;
4) екінші немесе үшінші типтегі куәліктері бар уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдардың бөліктерінде) құрылған кедендік бақылау аймағына жеткізілген тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде қолданылмайды.
«Бақты» кеден бекетінің жетекші маманы Д.К. Джумадилов