
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген Радиациялық бақылау жүргізу қағидалары.
Осы Радиациялық бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі Кодекс) – 402-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының радиациялық жүргізу тәртібін айқындайды.
Тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өзге де орындарда өткізілетін кедендік бақылау түрлерінің бірі бола тұрып, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында халықтың радиациялық қауіпсіздігін, ядролық қару мен ядролық материалдарды таратпау халықаралық режимін сақтау, радиоактивтік заттар (бұдан ары-РЗ), гамма-сәулеленудің эквиваленттік мөлшердің қуатының, нейтрон, альфа-, бета- сәулеленудің ағымы тығыздығының (бұдан әрі – иондаушы сәулелену) жоғары деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы тасымалдау кезінде кедендік талаптарының бұзылуын болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кірістер органдары радиациялық бақылауды жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарының жергілікті қызмет аймағына бейімделген РЗ радиациялық бақылаудың стационарлық және жылжымалы жүйелерін пайдаланады. Ағымдағы жылдың басынан бері «Янтарь» АРБЖ көмегімен радиациялық фонның асып кетуінің 4 дерегі анықталды.
ШҚО бойынша МКД «Бахты» к/б бас маманы Н.А. Садыков