Бақылау касса машинасының (БКМ) фискалдық чегі нені көрсетеді

Бақылау касса машинасының (БКМ)  фискалдық чегі нені көрсетеді

Біріншіден, фискалдық чек қолма-қол ақшаны есептеу кезінде және төлем карталарын пайдалану кезінде сатушы мен сатып алушы арасындағы мәмілені растайды.

2022 жылдың 01 қаңтарынан бастап чекте келесі ақпарат болуы керек:

1) салық төлеушінің атауын;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

8) фискалдық белгіні;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Сонымен қатар, сатушы сатып алушының өтініші бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін көрсетуге міндетті.

Кассалық тәртіпті бұзған жағдайда, кәсіпкерлер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.