ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы кейбір өзгерістер туралы

ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы кейбір өзгерістер туралы

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына келесі өзгерістер енгізілді:

  1. Кеден органдарына ЕАЭО елдерінен тасымалданатын тауарларды жіктеу бойынша қызметтер ұсынуға қатысты қосымша функциялар жүктелді;
  2. Кеден органдарымен қызмет көрсетуге өтініштер беруі және олар бойынша шешім қабылдауы электрондық форматқа көшірілді;
  3. Кеден органдарының ақпараттық жүйесінің жұмысындағы қателіктерге байланысты бұзушылықтар болған жағдайда декларантты жауапкершіліктен босатуға қатысты ереже енгізілді;
  4. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу тәртібі және төлеушімен бірлесіп жауап беретін кеден өкілдеріне кедендік тексеру нәтижелері бойынша үзінді жасау және беру тәртібі реттелді;
  5. Көшпелі кедендік тексерудің қосымша түрі «Кешенді көшпелі кедендік тексерудің» нормасы енгізілді;
  6. Өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда актінің және хабарламаның жарамсыздығы туралы жаңа бап енгізілді;
  7. Тәуекел дәрежесі өлшемшарттарының тұжырымдамасы енгізіліп, тәуекел дәрежесінің құпия және құпия емес өлшемшарттарын анықтау мүмкіндігі белгіленді;
  8. Ұлттық оператормен электронды алып жүруді жүзеге асыру барысында бағдарлық пломбаларды қолдануға байланысты мәселелер шешілді;
  9. ДББ, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, еркін қоймалардың, бажсыз сауда дүкендерінің, кеден өкілдерінің, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары толықтырылды.