Жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу

Жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу

Көлік құралдарына салық берешегін өндіріп алу мәселелері бойынша бірлескен кеңесті Департамент қызметкерлері облыстың Көлік прокуратурасымен 2021 жылғы 14 қыркүйекте өткізді.

11.09.2021 жыл жағдайы бойынша жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек облыстың 30 983 тұрғыны бойынша 784328,7 мың теңгені құрап отыр.

Берешекті өндіріп алу мақсатында ШҚО бойынша МКД-мен тұрақты негізде БАҚ және әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Алайда, жеке сот орындаушыларына (ЖСО) берешегі бар тұлғалардың материалдарын беру жеке тұлғалардан берешекті өндіріп алу бойынша ең пәрменді шара болып табылады, өйткені ЖСО борышкердің мүлкіне тыйым салу, ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға тыйым салу және мүлікті пайдалану мен билік етуге басқа да шектеулер қою құқығы берілген.

Бүгінгі күні ЖСО-ның орындалуында 385 576,1 мың теңге сомасына 14695 салық бұйрықтары, оның ішінде өткен салық кезеңдері үшін 59 111,6 мың теңге сомасына 1712 бұйрық, 2020 жылғы салық кезеңі үшін 326 464,5 мың теңге сомасына 12983 бұйрықтары тұр.

Бұл ретте ЖСО берешегінің негізгі сомасын өндіріп алу кезінде атқарушылық санкция өндіріп алынады.

2021 жылға көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде басталатынын тағы да еске саламыз.

Сіздерге заңнамада белгіленген салықтарды белгіленген мерзімде төлеуге, сондай-ақ алдыңғы жылдардағы бар берешекті өтеуге кеңес береміз.