Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту.

Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту.

Тауарларға арналған декларацияда (бұдан әрі - ТД) мәлімделген мәліметке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі мен жағдайлары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 «Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу, Кеден одағы комиссиясы мен Алқасының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешімімен анықталған.

ТД –да мәлімделген мәліметке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін

қамтамасыз ететін мәселелер:

1.Декларанттың бастамасы бойынша тауарлар шығарылғанға дейін ТД –да мәлімделген мәліметке өзгерістер (толықтырулар) енгізу.

2.Тауар шығарылғаннан кейін ТД -да көрсетілген мәліметке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жағдайлары.

3.Кеден органының рұқсатымен тауарлар шығарылғаннан кейін, ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (қосуға) байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібі.

4.Кеден органының бастамасы бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін, ТД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (қосуға) байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібі.

5.Кеден органының талабы бойынша тауарларды шығарар алдында ТД-да мәлімделген мәліметке өзгерістер (толықтырулар) енгізу.