
БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Татубаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдиннің қатысуымен «ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында 2021 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңеске Мемлекеттік кірістер департаментінің және аумақтық басқармалардың басшылық құрамы мен қызметкерлері "ZOOM" платформасы арқылы қатысты.
Кеңес барысында Жігер Байділдин қатысушыларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасындағы негізгі өзгерістермен және Департамент қызметінің басым бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік қызметшілерді өз елінің игілігі үшін адал еңбек етуге шақырды.
ШҚО бойынша МКД-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Ерік Татубаев өңір бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Департаментте жүргізіліп жатқан ескерту және алдын алу шараларын атап өтті.
Кеңес соңында Ерік Татубаев Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарының, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексінің және күнделікті қызмет барысында қолданылатын басқа да нормативтік - құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауларын ескертті.