Темекі бұйымдарын таңбалау

Темекі бұйымдарын таңбалау

Қазақстан  аумағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасына импортталатын темекі өнімдері цифрлық маркамен таңбаланады.

2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдерін міндетті түрде таңбалауға құрамында табак бар, сүзгісі бар өзге де сигареттер жататыны туралы айтылған болатын.

Темекі өнімдерін сату үшін тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде https://elk.prod.markirovka.ismet.kz/login-kep  сілтемесі бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы тіркелу жеткілікті.

2D сканердің дұрыс жұмыс істеуі үшін онлайн-БКМ тауарлар наменклатурасын қосу қажет.  Онлайн-БКМ тауарлар наменклатурасын қосу бойынша нұсқаулықтар мына сілтеме бойынша  орналастырылған www.ismet.kz. Тауар наменклатурасын жаңартқаннан кейін 2D сканер сандық таңбалауды дұрыс оқиды.

2D сканерді «Naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасымен алмастыруға болады.

Бұл ретте Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта таңбалау жүйесінде таңбаланған Темекі бұйымдарымен жұмысты жеңілдету бойынша іс-шаралар жүргізуде. Атап айтқанда, қабылдау - беру актілерімен жұмысты оңайлату, 2D сканермен сканерлеусіз таңбалау жүйесінде тауарды есептен шығару мүмкіндігі.

Цифрлық тауарларды таңбалау жөніндегі байланыс орталығының жедел желі телефон  нөмірі 8-800-080-6565 арқылы байланысуға болады.

ТТҚ АЖ-де уақтылы тіркелу сізге заңнаманы сақтауға, айыппұл санкцияларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Бизнесті заңды жүргізу үшін ТТҚ АЖ жүйесінде тіркелу қажет.

 

 

ШҚО бойынша МКД  түсіндіру жұмысы басқармасы