
Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.
Бірінші кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратынадамдармен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекетті кфункцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары); «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралый Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимылтуралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметітуралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдар декларация тапсыруға міндетті.
Екінші кезеңде (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен олардың жұбайлары, сондай-ақ квази мемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлерімен олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) жәнеолардың жұбайлары, даракәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
2025 жылы қорытынды кезеңде азаматтардың қалғансанаттары, яғниелдің барлық ересек халқы кіреді.
Жеке тұлғалар жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірудің бірінші жылында активтерімен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынуға міндетті. Кейінгі жылдары кірістерімен мүлкі туралы Декларация (270.00-нысан) ұсынылады.
Активтермен міндеттемелер туралы Декларация (250.00-нысан) жинақталған активтермен міндеттемелерді Декларациялау жүйесіне кіру күніне тіркеу үшін ұсынылады. Бұлретте Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында бар.
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кіретін адамдар үшін тұрғылықтыжері (келу орны) бойынша декларацияны қағаз нұсқада тапсыру мерзімі– 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей немесе электрондық түрде– 2021 жылғы 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс.
Активтермен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat mobile және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
Толығырақ ақпарат ҚазақстанРеспубликасы Қаржыминистрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресмисайтының (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.
Түсіндіру жұмыс басқармасы