
Тауарларды кедендік пломбаларды пайдаланып, тасымалдауға арналған халықаралық көлік құралдарын мақұлдау туралы куәліктер, кеден одағы комиссияның 2011 жылғы 22 июньде бекітілген № 676 шешімі бойынша беріледі. Автокөлік құралына алдын-ала куәлік алу үшін,автокөлік иесі немесе автокөлік иесінің өкілетті өкілі (уполномоченный представитель), тұрғылықты жеріндегі кеден органының атына жазылған өтінішті және автокөлікті немесе тіркемесін жүксіз күйінде кедендік тексеруге ұсынады.
Сонымен қатар, автокөлік иесі өтінішпен бірге, қосымша автокөліктің немесе оның тіркемесінің сызбасын не болмаса фотосуреттерін және толтырылыған куәліктің формасын өткізеді. Фотосуреттерде автокөліктің немесе тіркеменің оң, сол, алдыңғы, артқы жақтарының және кедендік пломба ілінетін жерлері бейнелену керек.
Берілген өтініш кеден органында берілген күні, белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тіркеу кезінде ұсынылған құжаттардың көшірмелері, құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылып, көшірмелеріне мөр басылады.
Құжаттардың түпнұсқасы көлік иесіне қайтарылады.
Өтінішті тіркелгеннен кейін, кеден органының маманы көлік құралына, тіркемеге кедендік тексеру жұмыстары жүргізліп куәлік беріледі. 2020 жылдың ақпан айынан бастап, куәліктерді беру жұмысы электрондық лицензиялау бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама бойынша құжаттар электронды түрде ұсынылып, бір тәулік ішінде куәлік беріледі.
Бейнені көру үшін мына сілтемеге өтіңіз:https://www.instagram.com/tv/CRN4etxgFZF/?utm_medium=copy_link