Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының салықтық кезең үшін есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі 

Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының салықтық кезең үшін есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі 

 

  1. Салық Кодексінің 429 бабына сәйкес есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептiк салықтық кезеңнiң соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады.
  2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалатын болса:

1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, айқындалған тәртіппен өткізу бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша қайтарылуға жатады.

  1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, қосылған құн салығы сомасының асып кетуі нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бөлігінде қайтарылуға жатады.

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі мен мерзімдері:

  1. Салық Кодексінің 431 бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін салық төлеушіге қайтару:

1) Осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;

2) салықтық кезеңдегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген оның қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы негізінде жүзеге асырылады.

  1. Тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеушіге қайтару мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушіге - елу бес жұмыс күні ішінде;

қалған жағдайларда - күнтізбелік бір жүз елу бес күн ішінде.