
ШҚО бойынша МКД Тарифтік реттеу басқармасы қызметтің негізгі бағыттарына келесі функциялар жатады:
- "Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімдер қабылдау" бойынша мемлекеттік қызметін көрсету,
- тауарларды жіктеудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру (тауарларды жіктеу туралы шешімдер қабылдау),
- "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды тіркеу, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету" бойынша мемлекеттік қызмет көрсету,
- "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексі 410-бабына сәйкес, кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру кезінде импорт бойынша тауарлар мен көлік құралдарын құндық тәуекел бейінін іске қосу, кедендік және басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтер басталған тауарларды шығарғанға дейін тексеру.
"Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде 2020 жылы тауарларды жіктеу туралы 45 алдын ала шешім шығарылды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алым сомасы 1,4 млн. теңгені құрады.
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауарларды жіктеу туралы 17 алдын ала шешім шығарылды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алым сомасы 512 мың теңгені құрады.
2020 жылы тауарларды жіктеудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезінде тауарларды жіктеу туралы 113 шешім қабылданды, барлықшешімдер ЕАЭО СЭҚ ТН кодын өзгертумен байланысты.ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі нәтижесінде кедендік төлемдер мен салықтарды ҚР бюджетіне қосымша есептеу сомасы 11,8 млн.теңгені құрады.
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауарларды жіктеу туралы 126 шешім қабылданды. ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының өзгеруі нәтижесінде ҚР бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу сомасы 6,5 млн.теңгені құрады.
"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын тіркеу, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің 698 нысаны ресімделді.2021 жылдың қаңтар-мамыр айларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің 305 нысаны ресімделді.
"Электрондық декларациялау орталығы"пилоттық жобасын жүргізудің кейбір мәселелері туралы"ҚР ҚМ МКК төрағасының 2020 жылғы 08 қыркүйектегі № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі 367 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы қазаннан бастап 50100/190318/00024, 50100/190318/00025, 50100/190318/00026тәуекелдің құндық бейіндері іске қосылған кезде тауарлар мен көлік құралдарының импорты кезінде кедендік құнды бақылауды жүзеге асыру "Электрондық декларациялау орталығының " (бұдан әрі-ЭДО) мамандарымен жүргізіледі.
2020 жылға барлығы тауарлар мен көлік құралдарының импорты кезінде іске қосылған құндық бейіндер бойынша кедендік құнға бақылауды жүзеге асыру кезінде тауарлардың кедендік құнына 759 түзету жүргізілді. Қосымша 351 млн. теңге сомасына кедендік баждар мен салықтар есептелді.
Оның ішінде, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тауар шығарылғанға дейін тауарлардың кедендік құнына 458 түзету ШҚО бойынша МКД кедендік бекеттері мен тарифтік реттеу басқармасымен жүргізілді. Қосымша 215 млн. теңге сомасына кедендік баждар мен салықтар есептелді. 2020 жылғы қазан-желтоқсан айларында 301 тауар шығарылғанға дейін тауарлардың кедендік құнын түзетуді ЭДО жұмыс тобы жүргізді. Қосымша 136 млн. теңге сомасына кедендік баждар мен салықтар есептелді.
2021 жылғы қаңтар – мамыр айларында ЭДО жұмыс тобы тауарлардың кедендік құнына 420 түзету жүргізді, 219 млн.теңге сомасына кедендік баждар мен салықтар қосымша есептелді.
ШҚО бойынша МКД кеден бекеттері 50100/250918/00122 тәуекелдің құндық бейінін іске қосу нәтижелері бойынша тауарлардың кедендік құнына 11 түзету жүргізілді, 3,2 млн.теңге сомасына кедендік баждар мен салықтар қосымша есептелді.