
Резервтік әдіс бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындаудың әдісін қолданудың кейбір мәселелері (6-әдіс)
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау, ЕАЭО Кеден кодексінің 5-тарауымен және «ҚР Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі- ҚР Кодексі) 6-тарауына сәйкес регламенттеледі.
Тауарлардың кедендік құнын айқындау тауарлардың кедендік айқындау әдістерін дәйекті қолдану жолымен жүргізіледі.
Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле бағасы (1-әдіс) немесе бірдей/біртекті (2,3-әдістер), шегеру әдісі (4-әдіс) немесе қосу әдісі (5-әдіс) арқылы анықтау мүмкін болмаса, онда осындай тауарлардың кеден құны резервтік әдісті (6-әдіс) қолдана отырып айқындалады.
Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде резевтік әдісті (6-әдіс) қолдану ережелері (Ереже) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 06 тамыздағы №138 шешімімен бекітілген.
Резервтік әдіс бойынша кедендік құнды айқындау, әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле бағасы (1-әдіс) немесе бірдей/біртекті (2,3-әдістер), шегеру әдісі (4-әдіс) немесе қосу әдісі (5-әдіс), оларды қолдануда икемділікке жол бере отырып, тауарлардың кедендік құнын айқындау кезіндегідей әдістерге негізделеді. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын 6-әдіс бойынша айқындау кезінде келесі параметрлерге: -Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы бағаларына; -кедендік мақсаттар үшін екі баламалы құнның неғұрлым жоғарысын қабылдауды көздейтін жүйеге; -әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлар бағаларына; - 5-әдіс бойынша бірдей/біртекті тауарлар үшін айқындалған есеп айырысу құнына қосылған шығыстардан өзге шығыстарға; -тауарлар әкетілетін елден Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге берілетін тауарлар бағаларына; - тауарлардың ең төмен кедендік құнына; -еркін немесе жалған құнына негізделмеуі тиіс.
ТРБ КҚБ