Тауарларға арналған декларациядағы жекелеген бағандарды дұрыс толтырмау

Тауарларға арналған декларациядағы жекелеген бағандарды дұрыс толтырмау

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрақты негізде кедендік заңнама нормаларының сақталуы тұрғысынан тауарларға арналған декларациялардың (бұдан әрі – ТД) дерекқорына мониторинг жүргізеді.

Бұрын Департамент өз мақалаларында СЭҚ-қа қатысушылардың назарына ТД-дағы кейбір бағандарды дұрыс толтырмау жағдайлары туралы ақпарат жеткізген.

Алайда, қазіргі уақытта мұндай жағдайлар жалғасуда.

Осыған байланысты, кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерінің, кедендік бақылау нысандарының және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шаралардың іріктемелілік принципінен шығатынын тағы да еске саламыз.

Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды таңдау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде тәуекелдерді азайту және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша шаралар ұсынымдары болмаған жағдайда ақпараттық жүйе тауарларды автоматты түрде шығаруды (жасыл дәліз) жүзеге асырады.

Тауарларды автоматты түрде шығару (жасыл дәліз) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау шаралары мен нысандарын қолданудан босатпайтынын атап өту маңызды.

ТД бағандарының дұрыс толтырылмауы кейіннен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қызметіне теріс әсер ететіні белгілі (мысалы, мәліметтерді түзету үшін МКД-ға жүгіну қажеттілігі, тексеру нәтижелері бойынша қосымша есептеулер, банктерде шығарылған ТД бойынша мәліметтердің болмауы және т.б.).

Осыған байланысты ТД толтыру кезінде кеден заңнамасының талаптарын, атап айтқанда "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы"  Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімін сақтауға және мұқият болуға кеңес береміз!