Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ көлік құралдарын ауыстыру

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және олармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ көлік құралдарын ауыстыру

Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 228-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге), оның ішінде бір көлік түрі көлік құралынан көліктің басқа түрі көлік құралына түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға, осы баптың  2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қызмет аймағында осындай операциялар жасалатын кеден органының рұқсатымен жол беріледі.

Егер тауарлар мен көлік құралдарына қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардың салынған кедендік пломбалар мен басылған мөрлерді алмай жасалуы мүмкін болса, не егер тауарларға кедендік пломбалар салынбаса және мөрлер басылмаса, қызмет аймағында осындай операциялар жасалатын кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда тиісті түрде хабардар еткеннен кейін осындай операцияларды жасауға жол беріледі.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға кеден органының рұқсатын алуға байланысты кедендік операцияларды жасау немесе осындай операцияларды жасау туралы кеден органын хабардар ете отырып, жасау тәртібін Комисссия айқындайды.

Кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлармен жүк операцияларын жасауға рұқсат беруден, көлік (тасымалдау) құжаттарында, шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарда не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары берген өзге де құжаттарда осындай операцияларды жасауға тыйым салу болған кезде, бас тартуға құқылы.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлармен жүк операциялары кеден органының рұқсатымен тұлғаның өтініші бойынша кеден органының жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.

 

                        ШҚО бойынша МКД «Бахты» к/б бас маманы А.М. Ешекенов