Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару

Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару

«Қазақстан Республикасындағы  кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 345-бабына сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерімен  (бұдан ары -ХПЖ) жіберілетіндерді қоспағанда, кедендік декларациялау кезінде мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарларды (бұдан әрі –ЖПАТ)  Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан ары -ЕЭО) кедендік аумағына әкелу және (немесе) ЕЭО  кедендік аумағында болу немесе ЕЭО кедендік аумағынан әкету мақсатына қарай мынадай тауарлар:

- еркін айналымға;

- әкету үшін;

- ЕЭО кедендік аумағында уақытша болуы үшін;

- ЕЭО кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша болуы үшін шығарылуға жатады.

Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға немесе әкету үшін шығаруды  кедендік баждар, салықтар төленген және  заңнамаға сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда кеден органдары жүргізеді. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар шығаруды кеден органы тиісті шоттарға жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары есепке жатқызылғанға дейін жүргізеді. ХПЖ жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кедендік баждар, салықтар төленгенге дейін кеден органы жүргізеді.

Кедендік декларациялауға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған немесе "жасыл" дәлізден шығу (кіру) сызығын не келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды аяқтау сызығын кесіп өткен кезден бастап әкету үшін шығарылған деп есептеледі.

Санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мемлекеттік бақылаудыңтиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі.