
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуға және салық мәдениетін арттыруға бағытталған шолып тексеру жүргізумен салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба жұмыс істейтіндігін хабарлайды.
Пилоттық жоба шеңберінде жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумағында ҚР-да көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер, кәсіпкерді сатып алушылармен сәйкестендіру үшін қажетті штрих-кодты (QR-код) алуы тиіс және БКМ орналасқан жерлерде түрлі-түсті форматта орналастырылады.
Осыған байланысты, фискалдық чек берілмеген, төлем картасымен тауарлар үшін төлемді қабылдаудан бас тартылған, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда сатып алушы ұялы телефонның көмегімен QR-код бойынша есептелген пилоттық жобаның қатысушысы туралы деректерді пайдалана отырып, мемлекеттік кірістер органдарына шағым жолдауға құқылы.
Бұл ретте, шолып тексеруді жүргізу туралы шешім міндетті түрде шешімде көрсетілген шолып тексеруді жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсында орналастырылады.
Түсіндіру жұмысы басқармасы