Мемлекеттік қызмет көрсетудегі жаңа мүмкіндіктер

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі жаңа мүмкіндіктер

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта egov.kz порталында келесі мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылғандығын хабарлайды.

Олар мыналар:

- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау»,

- «Көлік құралына арналған кедендік декларацияны қабылдау».

Осыған байланысты жеке тұлғалар мен тасымалдаушылар ЖКД және КҚКД дербес бере алады.

Ол үшін ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "АСТАНА-1" АЖ сыртқы пайдаланушының рұқсатын алу қажет.

Жүйе жеке тұлғамен немесе тасымалдаушымен декларацияны толтыруға және сақтауға арналған.