
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР кеден кодексінің 341 бабына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы оларды өткізу тәсілдеріне қарай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында не қызмет аймағында осындай тауарлардың декларанты болып әрекет ете алатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын не уақытша болатын аймақтағы кеден органында жасалады.
Көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару шарттарының сақталмауы және оларға қатысты кедендік операциялардың жасалмауы себебінен кеден органының жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруы мүмкін болмаған жағдайда, кеден органдары осындай тауарларды кідіртеді.
«Бахты» к/б жетекші маманы Н.С. Дандесов