САЛЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ТӨЛЕМАҚЫЛАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІН ӨЗГЕРТУ. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУ НЕГІЗІ.

САЛЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ТӨЛЕМАҚЫЛАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІН ӨЗГЕРТУ. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУ НЕГІЗІ.

Салық төлеушілерге ақпарат үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексі шеңберінде, салық төлеуді кейiнге қалдыруды немесе мерзiмiн ұзартуды алу, сондай-ақ «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңының шеңберінде, оңалту рәсімін және берешекті  қайта құрылымдау рәсімін қолдану мүмкіндігін еске салады.

Қаржы жағдайы салық және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға, кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту (салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту) ұсынылуы мүмкін.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен жүргізіледі.

Салық кодексінің 51-бабына сәйкес, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды төлеу мүмкіндігі кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту берілетін мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға жеткілікті негіз болатын  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға берілуі мүмкін.

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиісінше бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, Салық кодексінің 51-бабында көзделген негіздер болған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту бір немесе бірнеше салық және (немесе) төлемақы бойынша берілуі мүмкін.