
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап, карантинге жатқызылатын өнімді, атап айтқанда, қызанақ жемісін (СЭҚ ТН коды 0702 00 000) Әзірбайжан Республикасы аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантинді фитосанитарлық шаралар енгізілетінін хабарлайды.