
2021 жылы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 290-бабы 3-тармағына мүгедектер ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуды қолдану шарттары қайта қаралғандығы туралы өзгерістер енгізілді:
-еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстардың саны мен сомасы бойынша шарттар есепті салық кезеңінде ғана емес, алдыңғы есепті салық кезеңінде де сәйкес келуге тиіс;
-егер кірістердің 90% - ы өндірісі осындай ұйымның қызметкерлері болып табылатын мүгедектердің қатысуымен жүзеге асырылған өндірілген (дайындалған) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден және алынған кірістерді осындай ұйымның қызметін жүзеге асыруға жіберуден алынса (алынуға тиіс).
Бұл жағдайда шартқа сәйкестік анықталады:
әділет органында тіркеу жүзеге асырылған есепті салық кезеңі үшін – жаңадан құрылған (пайда болған) ұйымдар;
қызметін ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде жүзеге асыратын ұйымдар - осындай келісімшарт қолданылатын бүкіл кезең ішінде.
Түсіндіру жұмыс басқармасы