
Салық кодексінің 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын өзгерістер енгізілді.
ҚҚС бойынша қосымша есепке алу қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесі қызметтің мынадай түрлерімен толықтырылды:
мақта талшығын, мақта талшығын дайындау;
ашытқы өндірісі;
салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда шоколадты, қантты кондитерлік бұйымдарды, печенье мен ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өндіру;
қант қызылшасынан қант өндіру.
Түсіндіру жұмыс басқармасы