
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті табыстары мен мүлікі туралы декларацияны (230.00 нысан) ұсыну бойынша талаптар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылатынын хабарлайды. Бұл 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелерді көрсете отырып, 250.00-нысандағы активтер мен міндеттемелері туралы декларация ұсыну міндеттемесінің туындауына байланысты. Егер жеке тұлға қателесіп, 2020 жылға арналған 230.00-нысандағы декларацияны тапсырса, онда мұндай декларация кері қайтарылып алуы тиіс.
Декларация тұрғылықты жері (келу орны) бойынша:
- қағаз нұсқада тапсырылған жағдайда – 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
- электронды түрде тапсырылған жағдайда – 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс».
Түсіндіру жұмыс басқармасы