Камералдық бақылаудағы кәсіпкерлік қызметтен болған залал

Камералдық бақылаудағы кәсіпкерлік қызметтен болған залал

Белгіленген есепті салықтық кезеңінің нәтижелері бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайда алу да, залал да салық төлеушінің қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі болып табылуы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтен:

  1. Түзетулерді ескере отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып кетуі (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекстің 241 – бабында көзделген-бұдан әрі мәтін бойынша Кодекс);
  2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан болатын шығын залал деп танылады.

Кәсiпкерлiк қызметтен шегілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шегілген залалдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілерін, орнатылмаған жабдықты өткізуден шегілген залалдар осы салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылады.

Көбінесе салық төлеушілер тиісті салық кезеңі үшін салық есептілігін, атап айтқанда корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - КТС бойынша декларация) ұсынған кезде қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша салық салынатын табысты не залалды айқындау бойынша қателіктер жібереді.

Камералдық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары КТС бойынша декларацияның деректерін форматтық – логикалық бақылау қатесінің болуына, сондай-ақ салық салынатын кірісті (залалды) дұрыс айқындамауды не алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдарды дұрыс көрсетпеуді анықтау мақсатында бұрын берілген кезеңдер үшін КТС декларациялары арасында салыстыруды жүргізеді.

Салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша құжаттардың өз мекен-жайына жіберілуін болдырмау үшін Салық кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген КТС бойынша салық есептілігін жасау Ережелерін басшылыққа алу қажет.