
Семей қаласы бойынша МКБ мен ШҚО бойынша ЭТД қызметкерлері Семей қаласының нарығындағы бір сауда нүктесінде жедел шараларды жүргізу кезінде 3370 пачка акциздік маркасыз фильтірлі темекіні заңсыз сату фактісі анықталып, айналымнан тәркіленді.
Қазіргі таңда, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тексеру материалдарын сот органдарына жолдауға дайындалуда.