
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында камералдық бақылауды жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енгізілген жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, салықтық тәуекелдерді уақтылы анықтау және салық төлеушілерге салықтық тексеру жүргізілместен анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру.
2026 жылы қосылған құн салығының (ҚҚС) дұрыс есептелуіне ерекше назар аударылуда. 2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларымен ҚҚС бойынша 300.00-нысанындағы декларациялар бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің төмендетілуі және сатып алу сомаларының негізсіз жоғарылатылуы фактілері бойынша салық төлеушілерге камералдық бақылаудың 822 хабарламасы жолданды. Хабарламаларды жолдауға салықтық есептілік, электрондық шот-фактуралар және өзге де дереккөздер арасындағы ақпараттық жүйелер арқылы анықталған сәйкессіздіктер негіз болды.
Салық заңнамасына сәйкес, салық төлеуші хабарламаны алған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде оны орындауға міндетті. Хабарламаны орындау анықталған бұзушылықтарды жою арқылы қосымша салықтық есептілікті ұсыну не бұзушылықтардың жоқтығын құжаттармен расталған дәлелді түсіндірмелерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
ҚҚС бойынша камералдық бақылау хабарламаларын жолдаудың ең көп таралған себептері мыналар болып табылады:
Егер салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелерімен келіссе, оған қосымша салықтық есептілікті уақтылы ұсынып, қажет болған жағдайда қосымша есептелген салықтар мен өсімпұл сомаларын төлеу ұсынылады. Түсіндірмелерді немесе түзетілген салықтық есептілікті ұсыну камералдық бақылауды аяқтауға негіз болады.
Белгіленген мерзімде хабарламаны орындамау салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, сондай-ақ салық заңнамасында көзделген жағдайларда салықтық тексерудің тағайындалуына әкеп соғуы мүмкін.
2026 жылғы тәжірибе көрсеткендей, камералдық бақылау хабарламаларын уақтылы орындау салық төлеушілерге салықтық тәуекелдерді барынша азайтуға, салықтық тексерулерді болдырмауға және ұсынылатын салықтық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік кірістер органдары үшін камералдық бақылау салықтық құқық бұзушылықтардың алдын алудың және бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз етудің ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.