АЖ «Виртуалдық қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып беру бойынша және Виртуалды қоймадағы жұмыс туралы

АЖ «Виртуалдық қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып беру бойынша және Виртуалды қоймадағы жұмыс туралы

«Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазастан Республикасы Қаржы Министрінің 2020 жылдың 14 қыркүйгіндегі №862 бұйрығымен «Виртуалдық қойма» модулінің Тізбесі дәрілік заттардың 39 тауарлық позицияларымен толықтырылды.

Жоғарыда аталған тауар топтары үшін «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттеме 2020 жылғы 1 қазаннан басталады.

Салық кодексінің 412 бабы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура:

1) Салық кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер жазып беруге міндетті.

Осылай, 2015 жылғы 16 қазандағы «ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы» Хаттаманың (Борабай хаттама) негізінде тауарларды сату кезінде, оған қатысты Қазақстан Республикасы, ДСҰ-ға кіру шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес (Шығарылған тауарлардың тізімі), ЕЭК Кенесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 Шешімімен және ЕЭК Кенесінің 2019 жылғы 28 мамырындағы №59 Шешімімен бекітілген ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифі (ЕАЭО БКТ) баждарының ставкаларын қолданады «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру міндеттеме туындайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 270 бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы бойынша электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:

бұрын үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;

импорт кезінде ЕАЭО БКТ баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылатын, Тізбеден алынып тасталған тауарларды өткізген немесе өтеусіз берген;

бір заңды тұлға шегінде тауардың берілуіне байланысты:

үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен;

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, кез-келген формадағы дәрі-дәрмектерді сату кезінде, егер сатылатын тауарлардың кодтары мен атаулары алып қойылған тауарлар тізіміне енгізілсе, «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭСФ жазу керек.

«Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру алдында «Іске асырылатын қалдықтар» нысаны бойынша өткізілетін тауарлардың қалдықтарын енгізу қажет

Қалдықтарды еңгізуге арналған пайданалушы нұсқаулығы ЭШФ АЖ, Виртуалды қоймамен жұмыс істейтін жадынама ҚР ҚМ МКК-ның сайтының ЭШФ АЖ бөлімінде орнастырылған.

Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК сайтында әзірлеушінің:

1) API бойынша құжаттаманы;

2) XML форматындағы ЭШФ үлгілерін;

3) SOAP үшін ЭШФ жобасын;

4) қолтаңбаны генерациялау қосымшасын;

5) кітапхана файлдары қол жетімді.

 

 

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы